«Бешікташ» Түркия Суперлигасының 18-турында «Хатайспорды» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бахтиер Зайнутдиновтің командасы сырт алаңда 2:1 есебімен жеңді.

Семих Кылычсой мен Омар Коллидің голдарына алаң иелері тек Армин Ходжичтің дәл соққысымен жауап қатты. «Бешікташ» сапында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Зайнутдинов толық матч өткізді.

Осылайша, «Бешікташ» 29 ұпай жинап, турнир кестесінде 4-орында тұр.