Қазақстандық боксшы Ділшат Нұрым Бакуде (Әзербайжан) жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші жартылай орта салмақтағы қарсыласы жергілікті спортшы Агаджан Даргахов болды. Жекпе-жек екінші раундта аяқталды, қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша, Ділшат Нұрым кәсіпқой бокстағы жетінші жеңісіне қол жеткізді.