Бакуде әзірбайжандық боксшы Аббас Агаларовты еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды, деп жазады Olympic.kz.

Додаға Әзірбайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Сауд Арабиясы және Еуропалық бокс конфедерациясынан келген 97 спортшы бақ сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан жалпыкомандалық есепте екінші орын алды. Біздің боксшылар қоржынында 16 медаль, атап айтар болсақ, 4 алтын, 5 күміс және 7 қола жүлде бар.

Көш басында 22 жүлде жеңіп алған Әзірбайжан құрамасы. Үздік үштікті Тәжікстан қорытындылаған.