Бакуде (Әзербайжан) әзербайжандық боксшы Аббас Агаларовты еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир аяқталды.

Турнирге Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан, Қазақстан, Тәжікстан, Сауд Арабиясы және Еуропалық бокс конфедерациясынан (EUBC) 97 боксшы қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 16 медаль (4 алтын, 5 күміс, 7 қола) жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте екінші орын алды. Әзербайжан құрамасы 22 медальмен (5-4-13) бірінші орынға ие болды.

Турнир қорытындысы бойынша үздік бестік:

  1. Әзербайжан – 22 (5-4-13)
  2. Қазақстан – 16 (4-5-7)
  3. Тәжікстан – 4 (2-1-1)
  4. Өзбекстан – 5 (1-2-2)
  5. Ресей – 3 (1-1-1)