Қазақстандық файтер Мұратбек Қасымбай (12-4) ресейлік Александр Грозинмен (23-4-1) кездесуі қарсаңында салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті.
Қазақстандық файтер мен Жұлдызды Гран-при чемпионы арасындағы кездесу биыл 22 желтоқсанда Мәскеудегі «Лужники» стадионында «Наше Дело 81» турнирінің басты жекпе-жегі аясында өтеді.
Қасымбай таразыда 73,15 кг көрсетсе, ал Грозин сәл ауыр болды – 73,25 кг.
Қасымбайдың кейінгі жекпе-жегі Nomad FC промоушені аясында Алматыда өтті. Қазақстандық файтердің қарсыласы ресейлік Никита Солонин болды. Жекпе-жекте Мұратбек Солонинді бірінші раундта нокаутқа түсірген еді.
Комментарии