Қостанайлық «Тобыл» 22 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Жаслан Жұмашевпен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жұмашев Премьер-лигада 2020 жылы негізгі құрамда дебют жасады. Ол сары-жасылдар сапында барлығы 52 кездесу өткізіп, 6 гол соқты.

Жартылай қорғаушымен жаңа келісімшарт 2025 жылдың соңына дейін жасалды.