2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің элиталық раундында Румынияға қарсы ойыны (2:0) Шыңғыс Есенамановтың футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының жейдесін киген 99-ойыны болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шыңғыс Есенаманов Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы ойынын 2009 жылы 19 ақпанда Дублинде Англияға қарсы ойында (5:2) өткізді.

Румыния құрамасына қарсы ойын (2:0) Есенамановтың Қазақстан құрамасы сапындағы 99-матчы болды. Бұл кездесулерде ол 28 рет гол соғып, 9 рет команда капитаны болды. ЕУРО-2016 қола жүлдегері, ЕУРО-2018 жартылай финалисті және ЕУРО-2022, Әлем чемпионаты 2016, әлем чемпионатының 2021 жылғы жартылай финалисті.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының рекордшысы – Дінмұхамбет Сүлейменов, оның есебінде 100 матч бар.