«Қайраттың» шабуылшысы, бразилиялық Жоао Пауло өткен маусымдағы ең нәтижелі футболшы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өткен маусымда 168 ойыншы гол соқты. Назарларыңызға өткен маусымның ең нәтижелі ойыншыларын ұсынамыз.

Маусымның ең нәтижелі ойыншысы - 25 матчта 17 гол соққан Жоао Пауло. Әр ойынға орта есеппен 0,68 гол.

Үздік үштікке тағы екі бразилиялық кірді. «Ақтөбелік» Роджерио Алвес Дос Сантос 10 кездесуде 5 гол соқты, «Кызылжардың» ойыншысы Хосе Витор Родригес 8 ойында 4 гол соққан.