Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич келісімшарт мерзімі аяқталғанда «Реалдан» кетемін деген шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Todofichajes ақпараты бойынша, «Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду 38 жастағы футболшыны Сауд Арабиясы клубына ауысуға көндірген.

Тараптар алдын ала келісімшарт жасасты. Оның шарттары жарияланбады. Бірақ Модричтің жалақысы маусымына шамамен 30 миллион еуроны құрайтыны хабарланды.