Қазақстан құрамасының көшбасшысы Бахтиёр Зайнутдинов өнер көрсететін «Бешикташ» басшылығы «Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы бапкері Уле Гуннар Сульшерді командаға шақыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист Ягиз Сабунчиоғлы хабарлағандай, «Бешикташ» норвегиялық маманға 2024/2025 жылғы маусымының соңына дейін бір жарым жылға жарамды келісімшарт ұсынған.

Түркия Суперлигасының 16 турынан кейін «Бешикташ» турнирлік кестеде бесінші орында тұр. Сульшерден бөлек стамбулдық клуб Станислав Черчесов, Фабио Каннаваро, Славен Билич, Хорхе Сампаоли, Руд ван Нистелрой, Франк де Бур және Бруно Женезиоғана назар аударып отыр.