«Ордабасының» негізгі қорғаушысы Сергей Малый командадан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

Тәжірибелі қорғаушы ауысуы мүмкін бірнеше команда бар. Нақты шешім жақын арада белгілі болады.

Оның орнына шымкенттік клуб 29 жастағы Ұлар Жақсыбаевты сатып алуды жоспарлап отыр. «Ақсудың» бұрынғы қорғаушысы бұған дейін «Ордабасы» сапында өнер көрсеткен.

Жақсыбаев қорғаныс шебінің ортасында ғана емес, оң қапталда да ойнай алады. Ол Қазақстан құрамасына үміткер.