Қазақстандық кәсіпкер еркін күрестен 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Азамат Дәулетбековке көлік сыйлады.

Белгілі меценат Дулат Тастекеев грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының қорытынды кешінде Париж Олимпиадасына жолдама алған, әлем біріншілігінің қола жүлдегері Азамат Дәулетбековке Hyundai Elantra көлігін мінгізді.