Қарағандылық «Шахтердің» бас бапкері Игорь Солошенко клубтағы жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Дебюттік маусымда оның жетекшілігімен команда бюджеті шектеулі болса да, жергілікті түлектерді негізгі құрамға тартып, оныншы орынды иеленді.

Солошенко ұзақ жылдар Премьер-лигада ойыншы ретінде ойнады, кейін «Шахтердің» спорт директоры болып жұмыс істеді, бірінші лигада «Шахтер-Булатты» баптады.