24 желтоқсанда Мәскеуде ЦСКА Аренада ең мықты ресейлік АСА лигасының 2023 жылдағы соңғы турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Басты жекпе-жекте жартылай орта салмақтағы Устармагомед Гаджидаудов пен Альберт Түменов төбелеседі.

Сондай-ақ кардта жеңіл салмақтағы Гран-придің көптен күткен ширек финалы Али Багов – Артем Резников пен жеңіл салмақтағы Гран-придің жартылай финалы Фаридун Одилов – Михаил Мохнаткин бар.

Турнирдің барлық жекпе-жегі «Матч! Боец» телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Трансляция Астана уақытымен 19:30-да басталады.