«Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) бокстан өткен турнирге барды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресейлік Дмитрий Бивол жартылай ауыр салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жекте британдық Линдон Артурды жеңді.

Дмитрий Бивол үшін бұл жеңіс 22 жекпе-жектегі 22-ші жеңіс болды. Линдон Артур 25 жекпе-жегінде 2-ші жеңіліске ұшырады.

Еске сала кетейік, Роналду осы маусымда Сауд Арабиясы құрамасы сапында барлық турнирлерде 23 матчқа қатысып, 21 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.