ВТБ Біріккен лигасының кезекті чемпионатында «Автодор» Саратовта қазақстандық «Астананы» қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Астана» плей-офф кезеңіндегі орындардың бірі үшін күресін жалғастыруда. Қазіргі уақытта қазақстандық команда сегіз рет жеңіске жетіп, турнир кестесінде оныншы орында келеді.

Автодор кестеде 11-ші орында. Саратов командасының еншісінде жеті жеңіс бар.

«Астана» мен «Автодор» соңғы рет 25 қазанда ВТБ Біріккен лигасының тұрақты чемпионаты аясында ойнап, «Астана» 75:62 (19:14; 17:13; 22:20; 17:15) есебімен мықтырақ болды.