Алматыдағы OCTAGON 53 турнирінде негізгі кардтың кезекті жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz
Жартылай орта салмақта америкалық Уилл Чоуп пен қазақстандық Самат Мамедов кездесті. Айқастың басында Мамедов қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді.
Турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық проспект Сүндет Айтқұл (6-1) өнер көрсетеді, ол қатарынан алты рет жеңіп келе жатыр. Ол OCTAGON 50 турнирінде өзін мықты қырынан көрсеткен Клаудеси Бритомен (9-2) күш сынасады.
Тағы бір басты жекпе-жекте жеңіл салмақта жеңіліссіз келе жатқан екі файтер өзара кім мықтыны анықтайды, онда әзербайжандық Роял Лейлизаде (6-0) мен өзбекстандық Анвар Абдуллаев (7-0) чемпион атану құқығына таласады.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігіOCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясыOCTAGON 53 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink
Комментарии