Алматыдағы OCTAGON 53 турнирінде негізгі кардтың екінші жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz
Орта салмақта бразилиялық Алан Силва (12-8-1) мен қазақстандық Мурад Абдурахманов (8-2) кездесті. Жекпе жектің екінші раундында Абдурахманов қарсыласын нокаутпен жеңді.
Турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық проспект Сүндет Айтқұл (6-1) өнер көрсетеді, ол қатарынан алты рет жеңіп келе жатыр. Ол OCTAGON 50 турнирінде өзін мықты қырынан көрсеткен Клаудеси Бритомен (9-2) күш сынасады.
Тағы бір басты жекпе-жекте жеңіл салмақта жеңіліссіз келе жатқан екі файтер өзара кім мықтыны анықтайды, онда әзербайжандық Роял Лейлизаде (6-0) мен өзбекстандық Анвар Абдуллаев (7-0) чемпион атану құқығына таласады.
Комментарии