Алматыдағы OCTAGON 53 турнирінде негізгі кардтың алғашқы жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz

Жеңіл салмақта қазақстандық жауынгер, актер Арнұр Қабдолдаев Иран спортшысы Паям Назаримен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық проспект Сүндет Айтқұл (6-1) өнер көрсетеді, ол қатарынан алты рет жеңіп келе жатыр. Ол OCTAGON 50 турнирінде өзін мықты қырынан көрсеткен Клаудеси Бритомен (9-2) күш сынасады.

Тағы бір басты жекпе-жекте жеңіл салмақта жеңіліссіз келе жатқан екі файтер өзара кім мықтыны анықтайды, онда әзербайжандық Роял Лейлизаде (6-0) мен өзбекстандық Анвар Абдуллаев (7-0) чемпион атану құқығына таласады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 53 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink