Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан OCTAGON 53 турнирінде әйелдер бағдарламасының алғашқы жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz
Ресейлік спортшы Ирина Чернышева (6-7) қазақстандық Антонина Котляревскаямен (2-0) кездесті.
Жекпе-жектің бірінші раундында қазақстандық спортшы ауыр соққыдан кейін қарсыласын құлатып, техникалық нокаутпен мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық проспект Сүндет Айтқұл (6-1) өнер көрсетеді, ол қатарынан алты рет жеңіп келе жатыр. Ол OCTAGON 50 турнирінде өзін мықты қырынан көрсеткен Клаудеси Бритомен (9-2) күш сынасады.
Тағы бір басты жекпе-жекте жеңіл салмақта жеңіліссіз келе жатқан екі файтер өзара кім мықтыны анықтайды, онда әзербайжандық Роял Лейлизаде (6-0) мен өзбекстандық Анвар Абдуллаев (7-0) чемпион атану құқығына таласады.
Комментарии