Алматыда басталған OCTAGON 53 турнирінде бастапқы кардтың екінші жекпе-жегінің жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz

Жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жекте өзбекстандық Мухамадиёр Югиталиев (3-2) қазақстандық Абай Жалалмен (2-0) кездесті.

Раундтың бірінші жартысында файтерлер алма-кезек шабуылдады. Артынша Жалал Югиталиевке жойқын соққы жасады, бірақ техникалық нокаут тіркей алмады. Дегенмен соққыдан соң өзбек файтерінің қабағы жарылды. Үзіліс кезінде Югиталиевтің командасы кездесуді жалғастырудан бас тартты. Абай Жалал карьерасындағы үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық проспект Сүндет Айтқұл (6-1) өнер көрсетеді, ол қатарынан алты рет жеңіп келе жатыр. Ол OCTAGON 50 турнирінде өзін мықты қырынан көрсеткен Клаудеси Бритомен (9-2) күш сынасады.

Тағы бір басты жекпе-жекте жеңіл салмақта жеңіліссіз келе жатқан екі файтер өзара кім мықтыны анықтайды, онда әзербайжандық Роял Лейлизаде (6-0) мен өзбекстандық Анвар Абдуллаев (7-0) чемпион атану құқығына таласады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 53 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink