«Зенит» қорғаушысы Роберт Ренан карьерасын мадридтік «Реалда» жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «СЭ» сайтына сілтеме жасап.

As мәліметінше, мадридтік клуб 20 жастағы бразилиялықты сатып алу мүмкіндігімен жалға алуды қарастырып жатыр.

Бұған дейін «Сан-Паулу» «Зениттің» талабына байланысты Ренаннан бас тартқан болатын.

Ренан «Зенит» сапында 2023 жылдың қаңтарынан бері ойнап келеді. Бразилиялық қорғаушы Санкт-Петербург клубының сапында 18 матч өткізіп, нәтижелі әрекеттермен көзге түсе алмады. Оның келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін есептелген. Transfermarkt порталы ойыншыны 9 миллион еуроға бағалайп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп «Зенит» сапында өнер көрсетеді.

Фото: championat.com