«Манчестер Ситидің» бас бапкері Пеп Гвардиола клубтар арасындағы әлем чемпионатында төрт рет жеңіске жеткен алғашқы бапкер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Испаниялық бапкер 2009 және 2011 жылдары «Барселонамен» екі рет, 2013 жылы «Бавариямен» және биыл «Манчестер Ситимен» бір рет жеңіске жетті. Ол жүлделер саны бойынша клубтар арасындағы әлем чемпионатын үш рет жеңіп алған Карл Анчелоттиден озды.