Бұрынғы италиялық футболшы Росолино Селесияны Палермодағы (Италия) түнгі клубта оққа ұшты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі L'Unione Sarda сайтына сілтеме жасап.

22 жастағы Селесия ауруханаға жеткізілді, бірақ сол жерде қайтыс болды. Оның мойыны мен кеуде тұсына үш рет оқ тиген. Жанжал түнгі клубтың әжетханасында болған. Кейін полицейлер қылмыс жасады деген күдікпен екі ағайындыны ұстады.

Бұрын Селесия «Ториноның» жастар құрамаларында ойнаған, бірақ кейін спорттан кеткен еді.

«Президент Урбано Каир және бүкіл «Торино» футбол клубы жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы Росолино Селесияның қайтыс болуына байланысты оның жақындарына, туыстарына және көптеген достарына көңіл айтамыз», - деп жазды «Торино» мәлімдемеде.