Мәскеуде ACA 168 турниріне қатысушылар салмағын өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирде ресейлік Али Багов пен қазақстандық Артем Резников арасында жеңіл салмақтағы ACA Гран-приінің ширек финалдық жекпе-жегі өтеді.

Екі файтер де салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті.

2023 жылы маусымда ACA 159 турнирінде өткен кейінгі жекпе-жегінде Резников Эдуард Вартаняннан үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіліп қалған еді. 31 жастағы Артемнің еншісінде 24 жеңіс және жеті жеңіліс бар.