«Актобе» 27 жастағы қазақстандық қорғаушы Әділхан Таңжарықовпен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әділхан Таңжарықов «Актобе» түлегі. Қорғаушы бұған дейін «Каспий» мен «Жетісу» командаларында өнер көрсеткен. Қазіргі уақытта ол «қызыл-ақтардың» вице-капитаны.