Ағылшын Премьер-Лигасының 18-туры аясында «Астон Вилла» мен «Шеффилд Юнайтед» кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Командалар Бермингемдегі (Англия) Вилла Парк стадионында ойнады. Матчты Энтони Тейлор бастаған төрешілер тобы басқарды. Бұл кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

«Астон Вилла» - «Шеффилд Юнайтед» 1:1

«Астон Вилла» 2023/2024 жылғы маусымындағы Англия Премьер-Лигасының турнирлік кестесінде екінші орында. Команда 18 кездесуде 39 ұпай жинады. «Шеффилд Юнайтед» тоғыз ұпаймен 19-орында. Ағылшын чемпионатының турнир кестесін Лондонның «Арсенал» командасы (39) бастап тұр.