Қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова Монастирде (Тунис) өтіп жатқан Хардкорт ITF турнирінде екінші жұптық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшы беларусьтік Дарья Хомуцянскаямен бірге жергілікті Хиба Хени – Рахим Рассил дуэтімен ойнап, үш сетте 4:6, 7:6, 11:9 жалпы есебімен жеңіске жетті. Бұл кездесу Тунистегі турнирдің ширек финалдық кезеңінде өтті.

Айта кетейік, 19 жастағы қазақстандық теннисші қазір WTA (Әйелдер теннис қауымдастығы) рейтингінде 926-шы орында, ал Беларусь спортшысы 660-шы орында.