Қарағандылық «Шахтер» трансферлік шектеуге ұшырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

2022 жылы қарағандылық клубта өнер көрсеткен футболшылардан Халықаралық футбол федерациясына (ФИФА) бес өтініш келіп түсті.

Трансфер тыйымы жойылмайынша, клуб 2024 маусымына жаңа ойыншыларды тіркей алмайды.

Айта кетейік, клубтың жаңа директоры «Шахтердің» бұрынғы басшысы Асқар Әбілдаев болады.