Америкалық «Интер Майами» шабуылшы Луис Суарестің командаға қосылғанын ресми хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Майамиға қош келдіңіз, Луис Суарес!» Twitte-дегі ресми Inter Miami аккаунтында жазылған.

Естеріңізге сала кетейік, 36 жастағы футболшы америкалық клубқа еркін агент ретінде ауысты. Суарестің Интер Майамиге ауысқанға дейінгі соңғы клубы бразилиялық Гремио болды, онда шабуылшы Бразилия А сериясында 33 матч өткізіп, 17 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.

Сондай-ақ бұған дейін БАҚ-та Суарестің «Интер Майамимен» бір жылдық келісімшартқа қол қоятыны туралы ақпарат пайда болды, онда оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар.

Клубта Луистің «Барселонадағы» бұрынғы бірнеше әріптестері Лионель Месси, Хорди Альба және Серхио Бускетс ойнайды.