Қазақстан құрамасының қақпашысы, бұған дейін «Ақтөбе» сапында өнер көрсеткен Стас Покатилов ресми түрде «Тобыл» футбол клубының футболшысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қақпашымен келісім-шарт 2024 жылғы маусымның соңына дейін жасалған.

Покатилов мансабында «Шахтер», «Ақжайық», «Ақтөбе», «Алматы Қайрат», сондай-ақ ресейлік «Ростов» ФК қақпаларын қорғады. Қақпашы Қазақстан құрамасы сапында 26 ойын өткізген.

Ақтөбелік команда сапында футболшы Қазақстан чемпионатының күміс және қола жүлделерін жеңіп алды.