Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Александр Зуев қысқы маусымаралық кезеңде қостанайлық «Тобыл» футбол клубының ойыншысы болады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің хабарлауынша, спортшы командаға жаңа маусым басталмас бұрын қысқы оқу-жаттығу жиынында қосылады.

Айта кетейік, осы жазда Зуев «Тобылмен» алдын ала байланысқа шыққанымен, клуб ойыншыны алып үлгермеді.

Футболшы ұлттық құрама сапындағы дебютін биылғы жылдың қарашасында Сан-Мариноға қарсы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу матчында өткізді.