Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Румыния өкілі Сорана Кырстямен жұптасып, Әбу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Дүниежүзілік теннис лигасы турнирінің екінші жарыс күніндегі тартысты кездесуде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рыбакина мен Кырстя Falcons сапында Kites командасында өнер көрсететін әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенко мен испаниялық Паула Бадосаны жеңді.

Кездесу 7:6 есебімен қазақстандық спортшы командасының пайдасына аяқталды.

Ойын 54 минутқа созылды.