23 желтоқсанда Алматыда Еуразиялық жекпе-жек лигасының 2023 жылғы соңғы турнирі OCTAGON 53 өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үлкен шоу аясында 14 жекпе-жек жоспарланған, онда Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Ресей, Бразилия, АҚШ және Бахрейннің файтерлері күш сынасады.

Алдағы ивентте екі қызық титулды текетірес болады, онда ұйымның екі жаңа чемпионы анықталады.

Турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық проспект Сүндет Айтқұл (6-1) өнер көрсетеді, ол қатарынан алты рет жеңіп келе жатыр. Ол OCTAGON 50 турнирінде өзін мықты қырынан көрсеткен Клаудеси Бритомен (9-2) күш сынасады.