Жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасы Қырғызстанда оқу-жаттығу жиынын өткізуде, деп жазады Olympic.kz.

Қазақстан кубогі додасы аяқталған соң, спортшылар жылдың соңғы жаттығу кезеңін өткізу үшін Бішкекке аттанды.

Қазіргі таңда спортшылар келесі маусым алдындағы маңызды дайындықты өткізіп жатыр.

2024 жылы жүзуден ұлттық құрама спортшыларын әлем және Азия чемпионаты сынды айтулы додалар күтуде.