Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасы Instagram-парақшасында жылдың қорытынды турнирінің медиа-күнінен видео жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz
Естеріңізге сала кетейік, 23 желтоқсанда Алматыда Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасының OCTAGON 53 финалдық турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық файтер Сүндет Айтқұл (6-1) аса жеңіл салмақта бразилиялық Клаудеси Бритоға (9-2) қарсы ұйымның бос чемпиондық титулын сарапқа салады.
Кештің тағы бір басты жекпе-жегінде әзірбайжандық Роял Лейлизаде (6-0) өзбекстандық Анвар Абдуллаевқа (7-0) қарсы жеңіл салмақтағы бос чемпиондық белбеуді сарапқа салады.
OCTAGON 53 турниріне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады
Комментарии