Суперлиганың бас директоры Бернд Рейхарт клубтарға турнир матчтарын көрсететін UNIFY платформасынан клубтарға табыс көп болатынын уәде берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«UNIFY платформасы кімге тиесілі болады? Клубтарға. Платформаны дамытуға көмектесетін инвесторлармен бірге. Суперлиганың 100% кірісі жыл сайын қатысушы клубтар арасында бөлінеді», - деп келтіреді функционердің сөзін A22 Sports.