Қазақстандық файтер Дастан Амангелді Алматыда аралас жекпе-жектен Naiza FC 56 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшының қарсыласы оңтүстіккореялық промоушен чемпионы Ю Су Ен болды. Жеңіл салмақтағы жекпе-жекте отандасымыз үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, Дастан Амангелді кәсіпқой карьерасындағы жетінші жекпе-жегінде жеңіске жетіп, жеңіл салмақтағы Naiza-ның жаңа чемпионы атанды.