Қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова Монастирде (Тунис) өтіп жатқан ITF сериясындағы турнирдің жекелей сынында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/16 финалда Сағындықова бельгиялық теннисші Тилвит ди Гроламимен кездесіп, 6:3, 0:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, турнирдің ширек финалында Қазақстан-Беларусь жұбы жергілікті теннисшілер Хиба Хени мен Раним Рассилмен кездеседі.