Қазақстандық Уимблдон 2022 чемпионы Елена Рыбакина Әбу-Дабиде(БАӘ) өтіп жатқан Дүниежүзілік теннис лигасы (WTL) көрме турнирінде алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рыбакина румыниялық Соранамен Кырстямен жұптасып, Ига Швентек (Польша)/Каролин Гарсия (Франция) дуэтінен басым түсті - 6:4. Матч 38 минутқа созылды.

Естеріңізге сала кетейік, Рыбакина Falcons сапында Сорана Кырстя (Румыния), Сумит Нагал (Үндістан) және Тейлор Фритцпен (АҚШ) бірге өнер көрсетеді.

Турнирге жалпы төрт квартет қатысады. Командалар айналмалы жүйе бойынша ойнайды, үздік екі команда финалға өтеді. Қазіргі уақытта Falcons ұжымы Hawks-ті 19:12 есебімен алда келеді.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші жекелей сындағы бірінші кездесуінде польшалық Ига Швентекпен ойнайды.