Роман Асранкулов туған клубымен екі жылдық жаңа келісім-шартқа отырды.

Қорғаушы негізгі құрамда алғаш рет 2020 жылдың наурыз айында Қарағандының «Шахтеріне» қарсы ойнады.

2023 жылғы маусымда Асранкулов барлық турнирде 24 матчта алаңға шығып, УЕФА Конференция Лигасының «Дерри Ситиге» қарсы кездесуінде гол соқты.