14-28 қаңтар аралығында Мельбурн қаласында өтетін теннистен Австралияның ашық чемпионатына қатысушылардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Александр Бублик турнирдің негізгі жекелей жеребесі бойынша өнер көрсетеді.

Чемпионаттың жұптық сынында Қазақстан намысын Анна Данилина мен Александр Недовесов қорғайды.

Турнирдің іріктеу кезеңінде Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев өнер көрсетеді.

Juniors Australian Open турнирінде (20-27 қаңтар) Әмір Омарханов пен Асылжан Арыстанбекова бірінші рет негізгі жеребеде, ал Даниал Рахматуллаев пен Виталий Зацепин іріктеу кезеңіне қатысады.