Бүгін Алматыда Naiza FC 56 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақ дәрежесінде Оңтүстік Корея чемпионы Ю Су Ён (11-2) мен ақтөбелік қарсыласы Дастан Амангелдімен (6-1) жұдырықтасады.

Кештің негізгі жекпе-жегінде NAIZA-ның бұрынғы чемпионы, Алиби Идриспен (8-0) бразилиялық Марсеу Пасин (8-3) жекпе-жек өткізеді.

Негізгі кардтта Филиппиндік UFC-нің бұрынғы жауынгері Карлс Джон де Томас (10-3) Фаниль «Ногай» Рафиковпен (21-7) жекпе-жекке шығады.

Және Дияр Нұрғожай (8-0), Тимур Серікқұл (3-1), Болат Заманбеков (5-1), Юрий Титоренко (4-0) және т.б өнер көрсетеді.

Тікелей эфир Астана уақытымен сағат 16:00-де басталады, және оны «NAIZA TV» Youtube арнасынан көруге болады.