Францияның ПСЖ клубының және Аргентина құрамасының бұрынғы шабуылшысы Эсекиль Лавесци туыстарымен жанжалдасып, пышақ жарақатын алып, шұғыл ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Аргентиналық ойыншы Эсекиэль Лавессиді отбасылық жанжал кезінде пышақтап кеткен... Ол іш жарақаты мен омыртқа сүйегі сынған күйде ауруханаға түсті», - деп хабарлайды журналист Алексис Кадимар FM Gente-ге.

Бұл ретте бұрынғы шабуылшының отбасы отбасылық жанжал туралы ақпаратты жоққа шығарады. Лавессидің туыстары оның лампаны ауыстырмақ болған кезде баспалдақтан құлағанын алға тартады.

Мальдонадо полициясы да оқиғаға қатысты тергеуді бастады, себебі ол есірткіге қатысты болуы мүмкін. Сонымен бірге құқық қорғау органдары егжей-тегжейге түсініктеме бермейді - олар тек Лавессидің сүйегінің жарақаты туралы хабарлады.