Қазақстан құрамасы футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының элиталық іріктеу кезеңінің финалдық матчында сырт алаңда Румыниямен ойнады, деп жазады Prosports.kz.

Кака келесі құрамды алаңға шығарды: Серіков, Валиуллин, Есенаманов, Кнауб, Әбдуманапұлы – Игита, Құлбаев, Кәрменов, Тұрсағұлов, Тайбасаров, Оразов, Дәрібай, Төреғазин, Қайырбай.

Қонақтар бірінші таймда Шыңғыс Есенамановтың голының арқасында есеп ашса, екінші таймда Біржан Оразов команданың жетістігін нығайтты. 2:0 – Қазақстан құрамасының пайдасына.

Осылайша, Қазақстан турнирдің осы кезеңіндегі алты кездесудің барлығында жеңіске жетіп, финалдық кезеңге еш қиындықсыз жолдама алды.