Астанада өткен Қазақстан велоспорт федерациясының жиынында еліміздің үздік аймақтары анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Велосипед түрлері бойынша Қазақстанның үздік облыстарын басшылық марапаттады. Атап айтар болсақ, тас жолдағы велоспорттан Солтүстік Қазақстан облысы үздік шықты.

Тректегі велоспортан Астана командасы топ жарды.

Маунтинбайктан Жетісу облысының спортшылары көш бастаса, ВМХ бойынша Алматы қаласының құрамасына ешкім тең келмеді.

Аймақтардағы велосипед спортын дамыту мақсатында Абай облысына, Теміртау қаласына және Меркі, Қазалы, Качир аудандарына 25 велосипед пен экипировка табысталды.