UFC 296 турнирінде жеңіске жеткен Шавкат Рахмонов елге оралды. Қазақстандық файтер ММА спортындағы он сегізінші кәсіпқой жекпе-жегін, ал UFC-дегі алтыншы кездесуінде жеңіске жетті.

Шавкат Рахмонов пен файтердің бапкерлік штабын Алматы қаласындағы халықаралық әуежайдан салтанатты қарсы алу рәсіміне журналистер, туған-туыстары, достары мен жанкүйерлер қатысты.

Айта кетейік, 17 желтоқсан Лас-Вегаста өткен UFC 296 турнирінде жартылай орта салмақ дәрежесінде америкалық спортшы Стивен Томпсонды жеңген Шавкат Рахмонов рейтингте 3-орынға көтерілді.