Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Қарағандыда өтіп жатқан бокстан Куба ұлттық құрамасымен бірлескен оқу-жаттығу жиындары туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Келгендердің көбі жас жігіттер. Олардың арасында 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері де бар. Бір әлем чемпионатына төрт спортшы қатысқан. Барлығы 9 спортшы бар. Біз жұппен жұмыс жасадық. Тәжірибе алмасып, бір-бірімізден үйренеміз. Оқу-жаттығу жиыны керемет өтуде», - деді Бибосынов.

Айта кетейік, желтоқсан айының басында бокстан Қазақстан құрамасы Куба құрамасымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізген болатын.