Жеңіл салмақтағы OCTAGON лигасының бұрынғы үміткері Шерзод Ибодиллоев (6-2) келесі қарсыласының есімін білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еуразиялық жекпе-жек лигасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл қазақстандық файтер Нұржігіт Баймен (5-0-1), онымен 2024 жылғы бірінші OCTAGON 54 турнирінде кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, тәжікстандық «гангстер» жеңіл салмақта чемпиондық белбеу үшін үміткер болғанымен, бірінші раундта «қазақ Сехудосы» Дамир Төленовтен жеңіліс тапқан болатын.