UFC-де жеңілмеген қазақстандық файтері Шавкат Рахмоновтың менеджері Саят Әбдірахманов америкалық ұйымның турнирі Қазақстанда қашан өтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Менің ойымша, 2025 жылдан бастап UFC халықаралық турнирлерге, соның ішінде біздің аймаққа баратын болады. Сондықтан, егер біздің тарапымыздан қозғалыс болса, яғни UFC турнирін ұйымдастырғысы келетін мемлекет немесе жеке бизнес болса, бұл әбден мүмкін және орындалатын нәрсе.

Ал 2025 жылы UFC ТМД-ға қайта оралуы мүмкін, ол Қазақстан бола ма, жоқ па, мен әзірге болжай алмаймын», - деді Әбдірахманов сұхбатында.